АҚШ әскері Сириядағы қару қоймасын бомбалады

0
244

АҚШ әскери күштерінің хабарлауынша, әуе шабуылы Шаддади патрульдік базасына жасалған зымыран шабуылына жауап ретіндегі болған.


АҚШ әскері Сириядағы қару қоймасын бомбалады

Фото: CENTCOM

ERNUR.KZ. АҚШ қарулы күштері Сириядағы Иран қолдайтын содырлар тобының қару-жарақ қоймасына соққы берді. Бұл Сирияның солтүстік-шығысындағы америкалық базаға жасалған зымыран шабуылынан кейінгі екінші операция, деп жазады inform.kz.

АҚШ әскери күштерінің хабарлауынша, әуе шабуылы Шаддади патрульдік базасына жасалған зымыран шабуылына жауап ретіндегі болған. Шабуыл кезінде америкалық нысандарға ешқандай зиян келмеген.

Таяу Шығыста орналастырылған америкалық күштерге жауап беретін АҚШ Қарулы күштерінің өкілдігі бомбаланған аумақ «Иранмен байланысты топтың қару-жарақ және логистика қоймасының штаб-пәтері» деп түсіндірді.

CENTCOM мәліметінше, аты-жөні аталмаған содырлар Сирияның солтүстік-шығысындағы Хасеке провинциясындағы АҚШ-тың Шаддади патрульдік базасын зымыранмен атқылаған. Соққы нысанға зақым келтірмеді.

Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights бақылау тобының мәліметінше, АҚШ-тың аталған әуе соққыларынан Иран қолдайтын қарулы топтардың 4 сириялық мүшесі қаза тауып, 10 адам жарақат алды.

Айта кетейік, Қазақстан астанасында Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Астана процесі аясындағы халықаралық келіссөздердің 22-ші кезеңі аяқталды.