АҚШ COVID-19-ды емдейтін дәрінің әлемдік қорын сатып алды

0
662

Зерттеулер кезінде аталмыш препарат коронавирустың жеңіл түріне шалдыққандардың тез айығуына көмектескен.


АҚШ COVID-19-ды емдейтін дәрінің әлемдік қорын сатып алды

ERNUR.KZ. АҚШ «Ремдисивир» препараттың әлемдік қорының 90 процентін сатып алды. Бұл – коронавирусты емдеуде қолданылатын дәрі, деп жазады 24.kz.

Зерттеулер кезінде аталмыш препарат коронавирустың жеңіл түріне шалдыққандардың тез айығуына көмектескен. Дәріні өндіретін жергілікті компания Штаттарға қыркүйекке дейін жарты миллионнан аса емдік курсын сатуға келіскен. Сарапшылар өндірушінің қанша табыс түсіретінін де есептеді. Келісім нәтижесінде компания осы жылдың аяғына дейін бір миллиард долларға жуық қаражат алады. Өз кезегінде министрлік препаратты ауруханалардың қажетіне қарай жеткізіп те отырады. Айта кетерлігі, әлемде коронавирусты емдейтін басқа да дәрілер бар. Бірақ патент бойынша тек табысы төмен елдер ғана өз дәрісін өндіре алады және ол препараттарды бай мемлекеттерге сатуға тыйым салынған.