АҚШ доллары әлемдік валюта мәртебесінен айырылуы мүмкін

0
765

​АҚШ-та мемлекеттік қарыз бойынша дефолт болуы мүмкін.


АҚШ доллары әлемдік валюта мәртебесінен айырылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Мұндай қауіптің барын Ақ үй басшысы Джо Байден мәлімдеді, деп жазады 24.kz.

Айтуынша, дефолтты болдырмас үшін Конгресс жалпы көлемі 28 триллион 4 миллиард доллардан берешек шегін көтеруі тиіс. Әрі бұл шешімді 18 қазанға дейін қабылдап үлгеру қажет.

Сондай-ақ Байден мемлекеттік қарыз көлемінің шегі көтерілмесе, АҚШ Қаржы министрлігінің құнды қағаздарының қауіпсіздігіне қатер төніп, доллар әлемдік қор валютасы ретіндегі мәртебесінен айырылып қалуы ықтимал екенін де ескертті.

"Түсініңіздерші, мемлекеттік қарыз алуды ұзартудың басты себебі Трамп әкімшілігінің жасап кеткен қателіктерінен болып отыр. Яғни, сол кездегі салық саясатының дұрыс орындалмағаны дер едім. Бұрыңғы әкімшілік өздеріне берілген 4 жылдың ішінде мемлекеттік қарызға қосымша 8 триллион долларды қосты. Демек, республикалықтар бізге көмектескісі келмесе онда Демократтардың жолында тұрмай, жай ғана кедергі келтірмеңіздер деп сұраймыз. Елімізді сақтап қалғыларыңыз келмесе, жағаласпаңыздар", - дейді АҚШ Президенті Джо Байден.