Alphabet тиісті шешімге шағым түсірмек.
ERNUR.KZ. АҚШ-тағы Колумбия округінің федералды соты Google іздеу жүйелері арасында өзінің нарықтағы орнын теріс пайдаланды деген шешімге келді, деп жазады inbusiness.kz.
"Google – монополист, ол өзінің монополиясын сақтау мақсатында әрекет етті", - деді судья Амит Мехта.
Сот АҚШ Әділет министрлігінің компания монополияға қарсы заңнаманы бұзды деген тұжырымымен келісті.
"Google-ды жеңу – америкалықтар үшін тарихи жеңіс. Ешбір компания қаншалықты үлкен немесе ықпалды болғанына қарамастан, заңнан жоғары емес", - деді АҚШ Бас прокуроры Меррик Гарланд.
Alphabet-тің (Google иесі) жаһандық мәселелер бойынша президенті Кент Уокер компания бұл шешімге шағымданатынын мәлімдеді.