АҚШ-та Boeing ұшағы тағы да оқыс жағдайға тап болды

0
1 459


АҚШ-та Boeing ұшағы тағы да оқыс жағдайға тап болды

ERNUR.KZ. United Airlines компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағының сыртының бір бөлігі құлап түсті, деп жазады inbusiness.kz.


Ұшақ жұма күні түстен кейін Сан-Францискодан ұшып, Орегондағы Медфорд әуежайына аман-есен қонды. Бортта 139 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған.



Ұшақтың сыртындағы қаптағыш қай кезде түсіп қалғаны анықталып жатыр.

"Ұшудан кейінгі тексеріс панельдің жоқ екенін анықтаған. Тергеу жүргізіледі", – деді авиациялық реттеуші.

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, ұшу кезінде ешқандай ақаулар тіркелмеген, барлық фактілер анықталған кезде әуе компаниясы бұл ұшақты пайдалануды тоқтатты.

Соңғы кездері Boeing ұшақтарына қатысты мәселелер жиі айтылып жүр. Польша басшысы Анджей Дуда АҚШ-тан оралған кезде президенттік 737 ұшағында ақау табылған соң, қосалқы көлікті пайдалануға мәжбүр болды. Сондай-ақ осы аптада осы өндірушінің ұшағы Лос-Анджелес әуежайына қонуға мәжбүр болды.

5 қаңтарда Alaska Airlines компаниясына тиесілі Boeing 737 MAX 9 ұшағының фюзеляжының бір бөлігі құлаған. Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің ұшағында да ақаулар болған.