Құрбандардың ішінде 4 айлық бала бар.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың орталық штаттарында қайта-қайта соққан торнадодан кемінде 5 адам қаза тапты. Құрбандардың ішінде 4 айлық бала бар, деп жазады zakon.kz.
Сонымен қатар ондаған мың адам жарықсыз қалып, талай үй жермен-жексен болып, бір Оклахоманың өзінде 100 шақты тұрғын жараланды.
Құрама Штаттардың Ұлттық метеорология қызметінің ескертуінше, қазір 7 миллиондай адамға торнадодан қауіп төніп тұр.
Ал солтүстік-батыс Техастан Канзас пен Миссуриге дейінгі кеңістікте 40 жуық торнадо соғуы мүмкін.