АҚШ-та вакцина салдырған конгрессмен коронавирус жұқтырды

0
2 359

Конгрессмен өкілдерінің хабарына қарағанда, оған коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасы 20 қаңтарға дейін салынған.


АҚШ-та вакцина салдырған конгрессмен коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы мүшесі, Массачусетс штатының демократы Стивен Линч Pfizer/BioNTech вакцинасын салдырғаннан кейін коронавирус жұқтырды, деп жазады tengrinews.kz.

Портал мәліметінше, Линчте вирустың симптомдары жоқ, енді ол карантинге жабылып, жұмысын қашықтан істейді.

Жұмада заң шығарушы COVID-19 сынағын тапсырған, нәтижесі оң болды. Осыдан аз уақыт бұрын оның қарамағындағылардың бірі ауру жұқтырғаны атап өтілді. Конгрессмен өкілдерінің хабарына қарағанда, оған коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасы 20 қаңтарға дейін салынған.