Монтерей-парктегі атыс қытайлық Жаңа жылды тойлау аймағында болған.
ERNUR.KZ. 21 қаңтарда АҚШ-та Калифорния штатындағы Монтерей-паркте жаппай атыс болып, он адам қаза тапты, деп жазады stan.kz.
"Лос-Анджелес округі шерифінің детективтері Монтерей-парк полиция бөліміне атыс өлімін тергеуге көмектеседі. Он адам қаза тапты",- деді Лос-Анджелес округінің шериф бөлімінде.
Ведомство күдіктінің ер адам екенін айтты, бірақ оны ұстай алды ма, жоқ па, ол әлі белгісіз.
Америкалық Reuters агенттігінің хабарлауынша, Монтерей-парктегі атыс қытайлық Жаңа жылды тойлау аймағында болған.
Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларда зембілдегі жаралыларды жедел жәрдемге апарып жатқанын көруге болады. Видеода атыс болған би клубы алаңының айналасын полиция күзетіп тұрғанын да байқауға болады.