АҚШ-тағы тәртіпсіздіктерге байланысты түрмелер жабылды

0
573

АҚШ-та жалпы 165,5 мың тұтқын бар, оның 37 мыңға жуығы жұмыс істейді.


АҚШ-тағы тәртіпсіздіктерге байланысты түрмелер жабылды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың федерал түрмелері афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін болған тәртіпсіздіктен соң 25 жылда алғаш рет жабылды, деп жазады tengrinews.kz.

АҚШ-тың түрме бюросының жалпы ел бойынша 122 мекемесі бар. Жалпы 165,5 мың тұтқын бар, оның 37 мыңға жуығы жұмыс істейді.

"Түрме бюросы бүкіл ел бойынша толқулар мен тәртіпсіздіктерге байланысты Ұлттық локдаун енгізді", - деп хабарлайды Government Executive басылымы АҚШ түрме бюросына сілтеме жасап.

Бұл шара наразылық шарасы бәсеңдегенге дейін қабылданған.

Еске салайық, Флойдты 25 мамырда полицейлер ұстаған. Содан соң бір полицей сегіз минут бойы тізесімен мойнынан басады. Флойд қарсылық білдірмеген, қолында кісен болған. Оның өлімінен кейін елде жаппай наразылық шаралары басталды.