Ердоған мен Путин не туралы сөйлескені белгілі болды

0
848

Түрік бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, Ердоған мен Путиннің келіссөзі 1,5 сағатқа созылған.


Ердоған мен Путин не туралы сөйлескені белгілі болды

ERNUR.KZ. Түркия көшбасшысы Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Астанада кездесті, деп жазады tengrinews.kz.

Путин Ердоғанның тамызда Сочиге жасаған сапары барысында қол жеткізілген барлық келісім орындалатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл инвестициялық процеске, "Аққу" атом электр станциясының құрылысына қатысты.

"Түркияның және басқа елдердегі сатып алушыларымыздың қызығушылығы болса, басқа газ құбыры жүйесін салуды және Түркия аумағында басқа елдерге, қызығушылық танытса, еуропалық елдерге сату үшін газ хабын құруды қарастыра аламыз. Бірге құратын осы хабтың жұмысы тек жеткізілім алаңы ғана емес, сонымен қатар, бағаны анықтау алаңы болар еді, өйткені баға мәселесі - өте маңызды мәселе. Бүгінде бұл баға шарықтап кетті, оны ешқандай саяси бояусыз қалыпты нарық деңгейінде тыныш реттей алар едік", - деді Путин.

Ал Ердоған Түркия Ыстамбұл келісімін жалғастыруға және нығайтуға, сондай-ақ, ресейлік азық-түлік пен тыңайтқыштарды Түркия арқылы төмен дамыған елдерге тасымалдауға дайын екенін айтты.

"Астық туралы келісімді нығайтуды жалғастыруымыз керек. Түркия мен Ресейдің бұл процестегі қадамдары белгілі бір топтарды алаңдатса да, аз дамыған елдерді қуантады", - деді Ердоған.

Түрік бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, Ердоған мен Путиннің келіссөзі 1,5 сағатқа созылған.