13 млн 593 678 науқас індетті жеңіп шықты.
ERNUR.KZ. Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 21,5 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Джонс Хопкинс университетінің ақпаратына сүйенсек, 17 тамыз сағат 07.15-тегі жағдай бойынша, әлем елдерінде коронавирус 21 млн 593 607 адамнан анықталды. Оның ішінде 773 685 науқас қайтыс болып, 13 млн 593 678 адам жазылып шыққан.
Коронавирус ең көп анықталған 15 ел:
АҚШ - 5 402 803
Бразилия - 3 340 197
Үндістан - 2 589 682
Ресей – 920 719
Оңтүстік Африка Республикасы – 587 345
Перу - 525 803 Мексика - 517 714
Колумбия - 456 689
Чили - 385 946
Испания - 343 813
Ұлыбритания – 320 343
Сауд Арабиясы – 298 542
Аргентина – 294 569
Пәкістан – 288 717
Бангладеш – 276 549
Италия – 253 915
Франция – 252 965
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтындағы соңғы статистикаға сәйкес, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 21 260 760. Қауіпті індеттен 761 018 адам қайтыс болған.