Әлемдегі алмаз қоры қашан таусылатындығы болжанды

0
124

Алмаз қорының жартысынан көбі Ресейде орналасқан. Қалғаны Африкадағы – Ботсвана мен Ангола елдерінде.


Әлемдегі алмаз қоры қашан таусылатындығы болжанды

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Әлемдегі экономикалық тұрғыдан тиімді алмаз қоры 1,8 миллиард каратты құрайды, бұл жыл сайын 90 миллион карат өндірілсе, шамамен 20 жылға жетеді. Ал егер өндіріс көлемін қысқартса, қор 50–60 жылға жеткілікті болады, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы РИА Новости тілшісіне "АЛРОСА" компаниялар тобының (Ресейдегі алмаз өндіру, өңдеу және сату саласында жұмыс істейтін) корпоративтік қаржы және инвесторлармен байланыс басқармасының басшысы Сергей Тахиев айтып берді.

Оның сөзінше, алмаз қорының жартысынан көбі Ресейде орналасқан. Қалғаны Африкадағы – Ботсвана мен Ангола елдерінде.

Қараша айында Архангель облысының губернаторы Александр Цыбульский аймақтағы В. Гриб атындағы кен орнында 55,96 және 135,75 караттық екі зергерлік сапалы алмаз табылғанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, бұл табылған алмаздар осы жылы кен орнында өндірілген үшінші және төртінші ең ірі алмаздар болып саналады.