Ален Делон иттерінің қасына жерленуі мүмкін

0
283

Делон мен оның иттерінің күлін муниципалды зиратқа апару мүмкіндігі бар екені атап өтілді, бірақ мұндай қадам оның соңғы еркіне қайшы келеді.


Ален Делон иттерінің қасына жерленуі мүмкін

ERNUR.KZ. Француз актері Ален Делонды жерлеу рәсімі жақындарының арасында ғана ұйымдастырылады, ол Души коммунасында иттерінің қасына жерленуі мүмкін, деп жазады inform.kz.

Префектура актер қайтыс болғанға дейін рәсімді оның жер иелігі аумағындағы шіркеуде өткізуге рұқсат берді. Жылжымайтын мүлікке иелік еткен барлық жылдар ішінде Делон кішкентай шіркеудің жанында өзінің 50-ге жуық итін жерледі.

Актердің мұрагерлері жанкүйерлерге оның бейітіне тегін кіруге кепілдік берілетіні туралы әлі түсініктеме берген жоқ.

Делон мен оның иттерінің күлін муниципалды зиратқа апару мүмкіндігі бар екені атап өтілді, бірақ мұндай қадам оның соңғы еркіне қайшы келеді.

Актердің өзі иттерге деген үлкен сүйіспеншілігін талай білдіріп, 2018 жылы Paris Match журналына берген сұхбатында бельгиялық овчарка иті Лубоны жалғыз қалмауы үшін өзі қайтыс болғаннан кейін бірден ұйықтатып тастауды өсиет етіп қалдырғанын айтты.

Кейінірек кейбір ветеринарлар БАҚ-та жазған пікірлерінде мұндай қадамның заңсыз болатынын мәлімдеді.

Сонымен бірге, Делонның туыстары ұлы актердің рухына тағзым еткісі келетіндердің барлығы қатыса алатын қоштасу рәсімін өткізу мүмкіндігін қарастыруда. Ален Делон көзі тірісінде өзін жерлеуге байланысты мемлекеттік рәсім өткізуге қарсы болды.

Бұған дейін Француз актері Ален Делон 89 жасына қараған шағында дүниеден өткені туралы жазған болатынбыз.