ERNUR.KZ. Солтүстік ирландиялық ер адам желіде 70 балаға қиянат жасады деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп жазадя Stan.kz.
Мәліметтерге сенсек, 26 жастағы Александр Маккартни 185 бап бойынша кінәсін мойындады. Бапта бопсалау, балаларды зорлау, балалар порнографиясын жасау және тарату көрсетілген. Оған сондай-ақ адам өлтіруге үгіттеді деген айып тағылды. Себебі Маккартнидің құрбандарының бірі, 12 жасар қыз өз өзіне қол жұмсады.
Басылымның хабарлауынша, Маккартни Snapchat желісінде өзін жас қыз ретінде көрсетіп, қыздармен танысқан. Олармен достаспақ болып, кейін бопсалауға кірісті. Полицейлер Маккартнидің әрекетінен 10 мен 16 жас аралығындағы 70 бала мен жасөспірім зардап шеккенін анықтады. Ол Ұлыбритания, АҚШ, Жаңа Зеландия және Аустралияны қоса алғанда, 30 елдегі 3 500 баланы нысанаға алған.
Ал басқа ақпарат көздері Александр Маккартнидің ісі тарихтағы ең ірі соммадағы тергеулердің біріне айналды (алаяқтық немесе алдау үшін әлеуметтік желілерде жалған жеке тұлғаны құру деп аталатын) деп жазады.
"Менің ойымша, нормаларға сай келмейтін мінез-құлқын жыныстық әрекеттері арқылы көрсет кен айыпталушы қоғамға үлкен қауіп төндіріріп тұр", – деп жазды BBC судьяның сөзін негізге алып.