Францияда наразылықтарға байланысты 400-ден астам мектеп жабылады

0
113

​Бірқатар акция тәртіпсіздікке ұласып, полиция күш қолдануға мәжбүр болған.


Францияда наразылықтарға байланысты 400-ден астам мектеп жабылады

фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. Францияда жоғары сынып оқушыларының жаппай наразылығына байланысты 400-ден астам мектеп жұмысын жалғастыра алмайды. Үкімет оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкіндігі шектеулі екенін мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Euronews-тің мәліметінше, елде наразылықтар өткен аптада басталған. Үкімет мәліметінше, осы уақыт ішінде білім беру саласының 170 оқушысы мен 78 қызметкері жарақат алған. 5 мыңнан астам адам ұсталып, олардың басым бөлігі кәмелетке толмағандар болған.

Наразылыққа шыққан лицей оқушылары мұғалімдердің жетіспеушілігіне, оқу жүктемесінің артуына, сыныптардың тиісті деңгейде жабдықталмауына және мектеп ғимараттарының жағдайына қарсылық білдіруде.

Бірқатар акция тәртіпсіздікке ұласып, полиция күш қолдануға мәжбүр болған. Ішкі істер министрлігі тәртіпсіздіктерге экстремистік қозғалыстардың қатысы барын мәлімдеді. Өткен аптада 20-дан астам мектептің өртеніп, тоналғаны хабарланды.

Ал сейсенбі күні мұғалімдер мен студенттер кәсіподақтарының қатысуымен жаңа ауқымды наразылық акциялары өтеді деп жоспарланған. Олар полицияның, өз пікірінше, шамадан тыс күш қолдануына қарсылық білдірмек.