Alibaba өткен жылдың рекордын 17 сағатта жаңартқан.
ERNUR.KZ. Интернет арқылы сауда жасайтын кәсіпорын бір күн ішінде 38 миллиард доллар кіріс тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».
Табыстың ұлғая түсуіне Аспан асты елінің «Бойдақтар күнін» атап өтуі түрткі болған. Мерекеге орай онлайн-дүкен ауқымды жеңілдіктер жариялады. Яғни, әлемнің әр түкпірінен тұтынушылар ұнатқан тауарын қолжетімді бағада сатып алған. «Бойдақтар күнінің» бірінші күні-ақ компания бір миллиардқа тауар сатады. Alibaba өткен жылдың рекордын 17 сағатта жаңартқан. Бұған дейін мамандар қытайлық экономиканың төмендеуі мен сауда соғысына байланысты жеңілдіктер аса табыс әкелмейді деген болжам жасаған еді.