Америкалық математик үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу мерзімін атады

0
3 276

​ Колорадо университетінің математигі Аарон Клаузет бейбіт өмір мен соғыстың кезектесіп келу алгоритмін есептеп шығарыпты. 1823-2003 жылдар аралығындағы жер бетінде болған халықаралық қақтығыстарды зерттеген ғалым үшінші дүниежүзілік соғысының басталу мерзімін есептеп шығарды. Бұл туралы Science Advances журналы жазады.


Америкалық математик үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу мерзімін атады

Колорадо университетінің математигі Аарон Клаузет бейбіт өмір мен соғыстың кезектесіп келу алгоритмін есептеп шығарыпты. 1823-2003 жылдар аралығындағы жер бетінде болған халықаралық қақтығыстарды зерттеген ғалым үшінші дүниежүзілік соғысының басталу мерзімін есептеп шығарды. Бұл туралы Science Advances журналы жазады.

«Осылайша, соғыстың тарихи моделі ұзаққа созылған бейбітшілік тым нәзіктеу болуы мүмкін... Модельдер соғыстан кейінгі әлемнің келбеті тағы да 100-140 жыл тұрақталуы тиіс дегенді көрсетеді", - дейді Клаузет.

Оның айтуынша, кезекті ірі қарулы қақтығыс 2150 жылы басталады.

Бұған дейін әлеуметтік зерттеулер америкалықтардың үштен бірі АҚШ-тың үшінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында тұрғанына сенімді екенін көрсеткен.