Көпір 1977 жылы салынған.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Балтимор қаласында (Мэриленд штаты) автомобиль көпіріне жүк кемесі соғылып, ұзындығы 2,57 шақырымды нысан суға батып кетті, деп жазады stan.kz.
Көпір тірегіне соғылған Сингапур туы бар "Дали" кемесі өртеніп, суға батып кеткен. Сөйтіп артынша көпір опырылуы салдарынан бірнеше көлік өзенге құлаған. Қаза тапқандар бар. Олардың нақты саны әзірге белгісіз.
Балтимор өрт сөндіру бөлімінің қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Кевин Картрайт таңғы сағат 03:00-тен бастап, құтқарушылар оқиға орнында суда қалған адамдарды іздеп жатыр
"Бұл төтенше жағдай. Біздің мақсатымыз – адамдарды тауып, құтқаруға тырысу", – деді Картрайт.
Оның айтуынша, зардап шеккендердің саны туралы айтуға әлі ерте.
Апат жергілікті уақыт бойынша сағат 01:30 шамасында болған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, көпір 1977 жылы салынған. Ол АҚШ-тың ұлттық әнұраны "The Star-Spangled Banner" авторы Фрэнсис Скотт Кейдің есімімен аталған.