Журналистерге арналған сим-карта шықты

0
1 141

Сим-карта арқылы жасырын сөйлесуге мүмкіндік бар. Арадағы әңгімені де, жазысқан хаттарды да ешкім тыңдап, көре алмайды


Журналистерге арналған сим-карта шықты

ERNUR.KZ. Англиялықтар ешкім тыңдай алмайтын, иесіне қауіпсіз сим-карта шығарды, деп жазады altaynews.kz.

Brass Horn Communications деп аталатын стартап жобасының шығарған сим-картасы арқылы жасырын сөйлесуге мүмкіндік бар. Арадағы әңгімені де, жазысқан хаттарды да ешкім тыңдап, көре алмайды.

Бұл жобаның негізін қалаған Гарет Левелин сим-картаны саудағы шығарып қана қоймай, мұқым Англияны қамтығысы, тіпті шет елдерге шығарғысы келеді.

“Ең әуелі ерекше сим-картаны журналистер, информаторлар және басқа да өмірі қауіп-қатерге толы мамандық иелері ұстаса”, дейді өнертапқыш.

Айта кетейік, бұл жоба TOR технологиясының арқасында іске асқан. Ал аталмыш технология Android-тың базасында жуықта ғана пайда болды.