Анкарадағы теракт құрбандарының саны бес адамға жетті

0
172

Тағы 22 адам жарақат алған.


Анкарадағы теракт құрбандарының саны бес адамға жетті

Фото: Мустафа Кая/ ТАСС

ERNUR.KZ. Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы Али Ерликая TRT Haber телеарнасының эфирінде Анкарадағы лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны бес адамға жеткенін, тағы 22 адам жарақат алғанын мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

«Терактіде қаза тапқандар саны 5 адамға жетті, зардап шеккендердің жалпы саны 22 адам, оның үшеуі ауруханадан шығарылды. Біздің бағалауымызша, шабуыл Күрдістан жұмысшы партиясының әрекетімен байланысты болуы мүмкін. Шабуылдаушыларды анықтағаннан кейін біз ақпарат және басқа да дәлелдермен бөлісеміз», - деді министр.

Ол сондай-ақ Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шабуыл туралы ақпарат түскен сәттен бастап қауіп жойылғанға дейін ақпарат алып отырғанын айтты.

Бұған дейін жазғанымыздай, Түркияның Анкара қаласында әскери ұшақтар мен ғарыш техникасын шығаратын «TUSAŞ» корпорациясы ғимаратының жанында теракт болды.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған шабуылдың бейбіт тұрғындарға бағытталғанын және лаңкестік сипатқа ие екенін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айтты.