Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
фото: sputnik.kz.
ERNUR.KZ. Сот "Самұрық-Қазына" қоры және "Қазақстан темір жолы" компаниясының басшыларына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп жазады sputnik.kz.
ҰҚК мәліметінше, олар 12 қарашада сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"14 қарашада тергеу сотының санкциясымен оларға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың, "Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтің және өзге де тұлғалардың ұсталғанын хабарлаған болатын.


