Армения Еуропалық одаққа мүше болудан дәмелі

0
710


Армения Еуропалық одаққа мүше болудан дәмелі

ERNUR.KZ Армения Еуропалық одаққа мүшелікке өтініш беру мүмкіндігін қарастыруда, деді Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян, деп жазады Zakon.kz.



Бұл туралы ол Жерорта теңізінің жағалауында Түркияның Анталья қаласында өткен Дипломатиялық форумда мәлімдеді.



"Бүгіндері Арменияда көптеген жаңа мүмкіндіктер талқылануда, егер олардың арасында Еуропалық одаққа мүшелік ену мәселесі де бар десем, ағат айтпаған болар едім", - деді Мирзоян TRT World түрік телеарнасына берген сұқбатында.

2018 жылғы революция нәтижесінде билікке келген Армения премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның Еуропамен және Америка Құрама Штаттарымен байланысын тереңдете түсті.