Экипаж 6 сәуірде Ай маңынан ұшып өтуге дайындалады.
Фото: NASA
ERNUR.KZ. “Орион” ғарыш кемесіндегі төрт ғарышкер Айға дейінгі жолдың шамамен жартысын, яғни 230 мың шақырымды жүріп өтті. Енді тағы 210 мың шақырым өту керек, деп жазады stan.kz.
Экипаж 6 сәуірде Ай маңынан ұшып өтуге дайындалады.
NASA мәліметінше, ұшудың үшінші күні экипаж Айдың бетінде орналасқан нысандар тізімін қарастырған. Бұл тізімді Айды зерттеу ғылыми тобы жіберген. Аталған нысандарды 6 сәуір күні алты сағатқа созылатын ұшып кезінде суретке түсіріп, талдайды.
Ұшу сағат 14:45-те басталады, осы уақытта “Орион” кемесінің иллюминаторлары Айға бағытталып, Жер серігінің жанынан өтеді.
NASA кеше және бүгін Айды, ал болашақта Марсты игеру кезінде негізгі байланыс құралы болуға тиіс жаңа оптикалық байланыс технологиясын сынақтан өткізді.
Бұл технологияда ақпарат бұрынғыдай радиотолқындар арқылы емес, лазер сәулесін модуляциялау арқылы беріледі. Ғарыш кемесі лазер сәулесін Жердегі қабылдағыш құрылғыға бағыттайды, ал қашықтық жүздеген мың шақырымға жетеді.
Лазер сәулесі өте жіңішке болғандықтан, жүйеге жердегі станцияға өте дәл бағытталу қажет. Осындай үлкен қашықтықта тіпті өте аз ауытқудың өзі сигналдың Жерден өтіп кетуіне әкелуі мүмкін. “Орионнан” жіберілген сигналдарды Калифорния мен Нью-Мексико штаттарындағы жерүсті станциялары қабылдайды.
Лазердің көмегімен деректерді секундына 260 Мбит жылдамдықпен жеткізуге болады. Бұл болашақта Жерге 4K форматтағы бейнені нақты уақытта жіберуге мүмкіндік береді.
Алайда бұл технологияның шектеулері де бар: лазер сәулесі радиотолқындар сияқты бұлттардан өте алмайды. Сондықтан әзірге дәстүрлі байланыс арналары толықтай тоқтатылмайды.
4 сәуір күнінің соңындағы жағдай бойынша байланыс арнасы арқылы 100 гигабайттан астам дерек, соның ішінде жоғары ажыратымдылықтағы суреттер жіберілді. Бастапқы галерея NASA сайтында қолжетімді.
“Артемида” атты Ай миссиясы 1 сәуір күні шығыс уақыты бойынша 18:35-те (Астана уақытымен 2 сәуір таңертең) басталды және қазіргі уақытта үш күн алты сағаттан бері жалғасып жатыр. Экипаж 10 күн ішінде Айды айналып ұшып өтіп, оның бетіне қонбай Жерге қайта оралуы тиіс.
Қазіргі “Орион” экипажының құрамында Рид Уайзман, Джереми Хансен, Кристина Кох және Виктор Гловер бар. Бағдарламаның үшінші кезеңінде (“Артемида-3”) адамдарды Ай бетіне қондыру жоспарланып отыр.


