Астрономдар құбылып тұратын өзгеше жұлдызды анықтады

0
1 432

Бір жағы гелийден, екінші жағы сутектен тұрады.


Астрономдар құбылып тұратын өзгеше жұлдызды анықтады

Калифорнияда бір топ ғалым тарихта алғаш рет беті біркелкі емес жұлдызды анықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

Жұлдыз құдды екі бөлікке бөлінген сияқты. Бір жағы гелийден, екінші жағы сутектен тұрады.

Ежелгі Рим құдайының құрметіне Янус деген атау беріліп үлгерген жұлдыз ақ ергежейлілер тобына жатады және бұл топ ғалымдарға бұрыннан белгілі әрі жақсы зерттелген.

Ғалымдардың пайымдауынша, Күн миллиардтаған жылдан кейін осындай ақ ергежейліге айналады.

Ерекше жұлдызды бірінші болып Сан-Диегодағы Калифорния технологиялық институты жанындағы Паломар обсерваториясының астрономдары анықтады.

Ол әр түн сайын жаңа нысандарды іздеп, жұлдызды аспанды сканерлейтін Zwicky Transient Facility (ZTF) құралының көмегімен тіркелген.