Аты аңызға айналған Болливуд жұлдызы көз жұмды

0
93

​Ол «Зита мен Гита» киносында танылған.


Аты аңызға айналған Болливуд жұлдызы көз жұмды

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Өнер иесі Мумбаи қаласындағы өз үйінде дүниеден өтті. Бірнеше апта бұрын ол ем қабылдаған ауруханадан шыққанымен, жағдайы қайта нашарлаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Дхармендра үнді киносының ең жарқын әрі халық сүйген жұлдыздарының бірі саналады. Алпыс жылдан астам шығармашылық жолында ол 300-ден аса фильмге түсті. Сол картиналардың ішінде «Зита мен Гита», «Менің сүйікті раджам», «Кек пен заң» секілді Болливуд классикасына айналған туындылар бар. Бұл фильмдер оған бүкілхалықтық махаббат пен зор бедел әкелді.

Жасына қарамастан, актер шығармашылықты жалғастырып келген. Оның соңғы фильмінің премьерасы 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланған.

Дхармендра – үнді киносының тарихында өшпес із қалдырған актёр. Ол Болливуд жұлдызы Хема Малинидің жұбайы болған.