Ауғанстанда 5,2 балдық жер сілкінісі болды

0
1 314

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.


Ауғанстанда 5,2 балдық жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘК» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 1 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 12:39-да жер сілкінісін тіркеді, деп жазады inform.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 832-шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 11.3.
MPV тербелісі - 5,2. Тереңдігі - 170 км.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.