Ауғанстанда әйелдерге бала көтертпейтін дәрі сатуға тыйым салды

0
1 147

Сарапшылар тиісті шектеу елдің денсаулық сақтау саласындағы ахуалды одан бетер ушықтырып жібере ме деп алаңдайды.


Ауғанстанда әйелдерге бала көтертпейтін дәрі сатуға тыйым салды

ERNUR.KZ. Тәліптер Ауғанстанның ірі шаһарларында әйелдерге бала көтерпейтін дәрі-дәрмекті сатуға тыйым салды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Олардың пайымынша, бұл – батыс мемлекеттерінің елдегі халық санын азайтуға бағытталған қастандық әрекеті. Сарапшылар тиісті шектеу елдің денсаулық сақтау саласындағы ахуалды одан бетер ушықтырып жібере ме деп алаңдайды.

Өйткені Ауғанстанда 14 әйелдің біреуі жүктілік кезінде көз жұмады. 2021 жылы билік басына келген тәліптер бұған дейін қыз-келіншектердің университетте оқуына тыйым салған еді. Сондай-ақ олар жанында ер адам болмаса, әйелдердің көшеде жалғыз жүруіне де рұқсат бермей отыр.