«Талибан» қозғалысы ресми түрде шахмат ойнауға тыйым салды.
Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. Ауғанстанда шахмат азарт ойындардың тізіміне енгізіліп, ойнауға тыйым салынды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Sovsport басылымының мәліметінше, Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысы ресми түрде шахмат ойнауға тыйым салды.
«Он бір айда бірде-бір ресми турнир, семинар немесе шахматқа байланысты өзге де іс-шаралар болған жоқ. Федерация шенеуніктерінің көпшілігі елден кетті. Кейбір провинцияларда шахматқа тыйым салынады», - деді шахмат федерациясының бұрынғы атқарушы директоры Абасин Мохиби.
Ауғанстанда 11 титулды шахматшы бар, олардың ішінде бес FIDE шебері және алты КМС бар.