Магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелген.
ERNUR.KZ. Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында болған күшті жер сілкінісі салдарынан кемінде 120 адам қаза тауып, мыңнан аса адам жарақат алды, - деп жазады Tengrinews.kz.Құтқарушылар үйінділердің көбі әлі тазаланбағандықтан, апат құрбандарының саны айтарлықтай артуы мүмкін екенін ескертті.
АҚШ Геологиялық қызметі мәліметінше, 7 қазанда таңертең аймақта магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан. Бірінші жер сілкінісінен кейін магнитудасы 4,3-тен 6,3-ке дейін болатын тағы бірнеше жер сілкінісі болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, құрбандар саны артуы мүмкін. Әсіресе Зенда Джан аймағындағы төрт ауыл зардап шегіп, үйлер қираған.