Ауғанстан уақытша үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид АҚШ компаниясы X әлеуметтік желісінде жер сілкінісі адам шығынына алып келгенін растады.
Фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясында магнитудасы 6-ға жететін жер сілкінісі болып, алдын ала мәліметтер бойынша 600-ден астам адам көз жұмды, 1500 адам жараланды, деп жазады Skifnews.kz.
Ауғанстан Ақпарат министрлігінің хабарлауынша, ең көп зардап Кунар провинциясының аудандарында тіркелген, жолдар топан су мен жер қабаты сырғуы салдарынан жабылған, іздеу-құтқару жұмыстары тікұшақтардың көмегімен жүргізіліп жатыр.
Ауғанстан уақытша үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид АҚШ компаниясы X әлеуметтік желісінде жер сілкінісі адам шығынына алып келгенін растады.
“Өкінішке қарай, бүгінгі жер сілкінісі шығыс провинцияларында адам өліміне және материалдық залалға әкелді”, — деді ол.