Синоптиктер бұршақ жаууы мүмкін екенін ескерткен.
ERNUR.KZ. Табиғи апаттың салдарынан үйлер мен көліктер зақымданған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұған дейін синоптиктер Канберрада қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін екенін ескерткен.
Айта кетейік, соңғы кездері Австралия ауа райынан зардап шегіп келеді. Ұзаққа созылған қуаңшылық кесірінен ел аумағында орман өртеніп, мыңдаған гектар орман күлге айналды. Миллиондаған жануар өлді. Сонымен қатар 30-ға жуық азамат көз жұмды.