Австрияда мигрант жасөспірімді жұрттың көзінше пышақтап өлтірді

0
195


Австрияда мигрант жасөспірімді жұрттың көзінше пышақтап өлтірді

ERNUR.KZ. Австрияның оңтүстігіндегі Филлах қаласының орталық алаңында ер кісі пышақпен өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасады, деп жазады BAQ.KZ.

CNN хабарлауынша, 14 жастағы жасөспірім қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алған. Олар ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Жаралылардың жасы 14 пен 32 жас аралығында екені белгілі болды.

Қылмыcты жасаған күдіктіні полиция қызметкерлері ұстады. Ол Австриядан саяси баспана сұраған және онда тұруға рұқсаты бар 23 жастағы сириялық босқын болып шықты. Полиция өкілі Райнер Дионисио оның қылмысының себебі әлі белгісіз екенін айтты.

Күдіктіні қылмысқа куәгер болған сириялық курьер ұстауға көмектескен. Ол көлікпен шабуылдаушыны қаққан.