"Автобус іші +61 градус": Бішкекте аптап ыстықтан адамдардың жағдайы нашарлаған

0
199

Қала әкімі Айбек Джунушалиев қатты ыстыққа байланысты Бішкекте жасыл желектерді суаруды күшейтуді тапсырды.


Фото: "Бишкек сегодня"
ERNUR.KZ. Қырғызстан астанасында 3 шілдеден бері аптап ыстық болып, ауа температурасы +39 °C-қа дейін жеткен. Тіпті автобус ішінде термометр +61 градус көрсетіп тұр екен, деп жазады Stan.kz.


"Бишкек сегодня" жаңалықтар паблигінде жарияланған фотосуретте қалалық автобустың ішіндегі термометр +61 градус көрсетіп тұрғаны айтылды.

“Ауа жетіспей, ыстықтан адамдар талып жатыр. Бір қыз кешке есінен танып қалып, полицейлер оны қолына көтеріп, ауруханаға жеткізді”, – делінген жазбаларда.

Қала әкімі Айбек Джунушалиев қатты ыстыққа байланысты Бішкекте жасыл желектерді суаруды күшейтуді тапсырды. Уақтылы суарылмағаны үшін жауаптылар жазаланады.

Қазақстанда да синоптиктер алдағы күндері өте қатты ыстық болады деп болжап отыр. Елдің оңтүстігінде +45–46 °C, оңтүстік-шығысында +40–45 °C-қа дейін жетуі мүмкін.