Салонда 19 жолаушы болған, олардың бірі рөлді ұстап, көлікті тоқтатқан.
ERNUR.KZ. Қытайда автобус жүргізушісінің ұстамасы ұстап, рөлді еріксіз жібере салғаны видеоға түсіп қалды, деп жазады sputniknews.kz.
Көлік қатты жылдамдықпен келе жатқан. Оқиға 18 наурыз күні Сишуанбаньна-Дай автономды округінде болды. Салондағы бақылау камерасынан жүргізушінің денесі құрысып, автобусты жүргізуге шамасы келмей қалғаны көрінеді.
Салонда 19 жолаушы болған – барлығы дүрліге бастайды, олардың бірі рөлді ұстап, көлікті тоқтатқан.