Қарағанды циркінде шоу кезінде акробат биіктен құлап, жарақат алды

0
119

Куәгерлердің айтуынша, нөмір сақтандыру тросынсыз орындалған.


Қарағанды циркінде шоу кезінде акробат биіктен құлап, жарақат алды

фото:baq.kz.

ERNUR.KZ. Қарағанды циркіндегі шоу кезінде көрерменнің көз алдында оқыс оқиға болды. Әуе гимнастарының бірі күрделі трюкті орындау барысында тепе-теңдігін сақтай алмай, шамамен бес метр биіктіктен құлап түскен, деп жазады baq.kz.

Куәгерлердің айтуынша, нөмір сақтандыру тросынсыз орындалған. Трюк көрсетіп тұрған акробат тепе-теңдігін жоғалтып, төменге құлап кеткен.

«Шынымен де өте қорқынышты. Оның үстінде тұрған қыз аяғы тайып кеткендей болды, оны сақтандыру тросымен бірден тартып қалды, ал жігіт төмен қарай ұшып кетті. Өте өкінішті, бәрі аман-есен болса екен», – деп жазды көрермендердің бірі әлеуметтік желіде.

Оқиғадан кейін әртіске дәрігерлер шақырылып, көмек көрсетілген.

Қарағанды облысының ДСБ баспасөз қызметі акробаттың жағдайы жақсы екенін айтып, жауап жолдаған.

«Жағдайы бірқалыпты, емін алып жатыр», – делінген жауапта.