​Әзербайжан әйелдердің зейнетке шығу жасын тағы 6 айға ұзартты

0
136

Әйелдердің зейнетке шығу жасы да 2027 жылдың 1 шілдесіне дейін 65 жасты құрайды.


​Әзербайжан әйелдердің зейнетке шығу жасын тағы 6 айға ұзартты

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. Қаулы 1 шілдеден бастап күшіне енді, әйелдердің зейнетке шығу жасы енді 64 жас 6 айды құрайды, деп жазады inform.kz.

«Еңбек зейнетақысы туралы» Заңның 7-бабына сәйкес, кемінде 25 жыл сақтандыру өтілі бар әйелдердің ең жоғары жасы 2017 жылғы 1 шілдеден 2027 жылғы 1 шілдеге дейін жыл сайын алты айға артады.

Әйелдердің зейнетке шығу жасы соңғы рет 2024 жылдың 1 шілдесінде алты айға, яғни 64 жасқа ұлғайтылды.
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап кемінде 25 жыл сақтандыру өтілі бар ерлердің зейнетке шығу жасы 65 жасқа дейін ұлғайтылды.
Әйелдердің зейнетке шығу жасы да 2027 жылдың 1 шілдесіне дейін 65 жасты құрайды.