Қайтыс болғандардың көбі – 65 жастан асқан адамдар.
Фото: © freepik.com / recstockfootage
ERNUR.KZ. Оңтүстік-Шығыс Азияда COVID-19 вирусы көбейген. Гонконгтің өзінде соңғы бір айда коронавирустан 30 адам көз жұмған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Сингапурдің денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 вирусын жұқтырған адамдардың статистикасын талдап, ауырған адамдардың саны бір аптаның өзінде 14 200 адамға көбейгенін айтты. Бір күн ішінде шамамен 130 адам ауруханаға түсіп жатыр.