БАӘ-де жаңа типтегі пневмонияға шалдыққан бір адам анықталды

0
744

Жаңа вирус көптеген елдерде анықталды.


БАӘ-де жаңа типтегі пневмонияға шалдыққан бір адам анықталды

ERNUR.KZ. Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) билігі ел аумағында 2019-nCoV коронавирусы салдарынан жаңа типтегі пневмония жұқтыру оқиғасын растады, деп жазады ҚазАқпарат.

Агенттік мәліметінше, БАӘ Денсаулық сақтау және профилактика министрлігі індет жұқтырған науқастың жағдайын тұрақты деп бағалады.

Қытай билігі осы коронавирустың өршуі салдарынан туындайтын пневмонияны 2019 жылы желтоқсан айының соңында Уханда тіркеген. Онда 11 млн астам адам тұрады. Сәрсенбі күні ҚХР-да ауру жұқтырғандар саны 6 мың адамды құрады, 130 адам көз жұмды.

Жаңа вирус көптеген елдерде анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл аурудың өршуін Қытай үшін төтенше жағдай деп танып, елге қосымша мамандар жіберді.