"Бақытты бола алмайды": Instagram несімен қауіпті

0
943

​Жазушының айтуынша, әлеуметтік желідегі фотошоп арқылы өңделген суреттер бұрмаланған шындықты көреді.


ERNUR.KZ. Англиялық тележүргізуші Джереми Кларксонның қызы, жазушы Эмили Кларксон Instagram-дағы фильтрлер мен өңделген суреттер балалардың психикасына кері әсерін тигізетіндігін айтты, деп жазады sputniknews.kz.

Оның айтуынша, Instagram шындықты бұрмалап көрсетеді. "Керемет" суреттер, шын мәнінде, жақсы өңделген. Бар болғаны осы ғана. Блогер әлеуметтік желідегі фотоларға қарап, өздерін жұрт сияқты әдемі емес деп ойлайтын жастар пайда болады деп алаңдауда.




"Өздерін өмірде жоқ адамдармен үнемі салыстыратын адамдар бақытты бола алмайды", - деді Кларксон.

The Daily Mail ақпаратына сәйкес, Girlguiding сауалнамасына қатысқандардың 30 проценті ғана әлеуметтік желіге жүктеген селфиді өңдемейді. Ал 40 проценті өмірде интернеттегіден әлдеқайда сүйкімсіз екеніне қынжылатын көрінеді.