Балаларды өлтіріп, қанын ішкен: Кенияда нағыз вампир ұсталды

0
522

​Ер адам бес жыл бойы жергілікті балаларды ұрлап, өлтіріп, кейін мәйіттерді кәріз құдығына тастаған.


Балаларды өлтіріп, қанын ішкен: Кенияда нағыз вампир ұсталды

ERNUR.KZ. Кения полициясы он баланы өлтіргенін мойындаған Мастен Ванджала есімді 20 жастағы ер адамды қамауға алды. Күдікті өз құрбандарының қанын ішкенін мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

Жуырда Кения астанасы – Найробиде екі баланың денесі табылды. Полиция осы оқиғадан кейін Ванджаланы тұтқындады.

Жауап алу кезінде ол он баланы өлтіргенін мойындады.

Кениялық бірінші қылмысын 16 жасында жасаған. Алғашқы құрбаны – 12 жастағы қыз. Қанішер, алдымен, оны ұрлап, өлтірген. Пышақтаған соң, оның қанын ішкен.

Осыдан кейін қылмыстары жалғасқан. Жақында мәйіті табылған балаларды Ванджала сатып, 200-ден 300 фунт стерлингке дейін пайда таппақ болған. Алайда жасөспірімдердің отбасы мұндай соманы таба алмады.

Күдікті полицейлерді бірнеше қылмыс жеріне апарды. Олар фото және видео жасап, айғақтарды тіркеді. Ер адам мәйіттерді жүгері алқабының маңындағы бұталардың арасы мен кәріз құдығына тастап отырған.

Қазір полицейлер маньяктың сыбайластары бар ма, жоқ па, соны анықтауға тырысып жатыр.

Басылымның мәліметінше, Кенияда өткен жылы 242 бала із-түзсіз кетті. Олардың дені аман-есен табылды, 10 бала көз жұмған, ал 18 баланың тағдыры әлі де белгісіз.