Ол апат үшін кешірім сұраған.
ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда 7 жасар баланы қағып, елден қашып кеткен қазақстандық жігіт аталған мемлекетке өз еркімен қайтып оралды, деп жазады Stan.kz.
Жол апатына кінәлі жігіт Оңтүстік Кореяға өз еркімен оралып, апат үшін кешірім сұраған. Ол Инчхон әуежайына келген.
Еске сала кетсек, бұған дейін Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында 20 жастағы қазақстандық жігіт үйіне кетіп бара жатқан 7 жасар баланы қағып, қашып кеткені хабарланған еді. Ал бала апат салдарынан ауыр жарақат алған. Оның миына қан құйылып, бас сүйегі сынған.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға түсініктеме беріп, 20 жастағы қазақстандық Павлодарда жүргенін айтқан.