Сенбі күшіне енген заңды Шотландия парламенті былтыр мақұлдаған.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Шотландия 16 жасқа дейінгі балаларды ұрып-соғып тәрбиелеуге тыйым салған заң күшіне енді, деп жазады ҚазАқпарат.
Сенбі күшіне енген заңды Шотландия парламенті былтыр мақұлдаған, деп жазады Express and Star онлайн басылымы.
Бұрын Шотландияда ата-аналары мен қамқоршыларға балаларды тәрбие беру мақсатында ұруға рұқсат етілген. Жаңа заңға сәйкес, мұндай тармақ алынып тасталған.
Балаларды шапалақпен ұруға алғашқы болып тыйым салған Швеция еді (1979 ж.). Шотландия осы талапты қолдаған әлемдегі 57-ші ел болды. Қаңтар айында мұндай тыйымды Уэльс енгізуі мүмкін. Тиісті заң қабылданса, ол 2022 жылдан бастан күшіне енеді. Англия мен Солтүстік Ирландияда болса, мұндай заң жобасын қабылдауды әзірге жоспарламаған.
Еске сала кетсек, Германияда балаларды ұрып-соғып жазалауға 1973 жылы заң жүзінде тыйым салынған.