Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

0
348


Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының полицейлері жүргізушілерді көліктердің салмақтық шектеулеріне қарсы наразылық акциясына шығуға үндеп, желіде видео жариялаған адамды анықтады, деп жазады Zakon.kz.


Бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланған. Видеода ер адам баршаны 1 қарашада жүк көліктерін жаппай әрі ұйымдаса тоқтатуға шақырған.

"Бейнеүндеудің авторы 41 жастағы Асылжан Баймұханов болып шықты. Ол рұқсат етілмеген жаппай іс-шараны ұйымдастыруға шақырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі


Сот шешімімен Асылжан Баймұханов кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.