Беларусь бөлімшелері ресейлік полигондардың бірінде орналастырылмақ.
ERNUR.KZ. Беларусь Қарулы күштерінің зымыран әскерлері мен артиллерия бөлімшелерінің қызметкерлері Ресейге жіберілді. Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Ведомствоның дерегінше, Беларусь өзінің артиллеристерін Ресейге "жауынгерлік қолдану мәселелерін пысықтау" мақсатында жіберді.
"Бөлімшелермен зымыран соққыларын басқару бойынша бақылау сабағы өткізіледі. Оның ішінде Беларусь Республикасы Қарулы Күштерінің қарулануында тұрған зымыран кешендері мен дүркіндетіп ату реактивті жүйелерінен жауынгерлік ұшырулар бар", - делінген Беларусь қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.