Құқық қорғау мекемесінің қызметкерімін деген белгісіз біреу оған қару кезенген.
Мәскеу қаласында белгісіз біреу әйгілі жазушы Александр Пушкиннің ұрпағы Александр ле Торбиді ұрып кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ол көшеге шыққанда бір ер адам өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, құжаттарын сұраған.
- Мен оған куәлігін көрсетуді сұрадым. Ал ол пистолетін шығарды да, өлтіремін деп қорқытып, тегімді сұрады. Содан соң бетімнен ұрды, мен құлап түстім. Ол менің маңдауыма қаруын тақап, кетуімді талап етті, - деді жәбірленуші.
Қазір құқық қорғаушылар жәбір көрсетушінің расында полиция қызметкері болған-болмағандығын анықтау үстінде.
Дереккөз: life.ru