Белгород облысында федералды сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

0
639

Белгород облысында Украина қарулы күштерінің шабуылы салдарынан үйлер мен инфрақұрылымға зақым келді, қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат нақтыланып жатыр.


Белгород облысында федералды сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

ERNUR.KZ. Ресейдің Белгород облысында федералды сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді, деп жазады sputnik.kz.

"Белгород облысында туындаған төтенше жағдайды федералдық сипаттағы төтенше жағдайға жатқызуды және жауап қатудың федералдық деңгейін белгілеуді ұсынамын", - деді Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Александр Куренков.
Ол аймақта зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары жүргізіліп жатқанын, бірақ болып жатқан оқиғалардың ауқымы облыс билігіне зардаптарды өз бетінше жеңуге мүмкіндік бермей отырғанын баса айтты.
Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы азық-түлік пен ең қажетті тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол берілмейтінін мәлімдеп, комиссия мүшелеріне тіршілікті қамтамасыз ету мәселелерін қадағалауды тапсырды.