Иранда көлік соқтығысып 21 адам көз жұмып, 20-сы түрлі жарақат алған
ERNUR.KZ. Иранда жолаушылар автобусы мен бензин тасымалдаушы көлік соқтығысып, 21 адам қаза тапты, деп жазады 24.kz.
Тағы 20 адам түрлі жарақат алған. Олардың қатарында балалар мен әйелдер де бар.
Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жол апаты Кашан мен Нетенз қалалары арасындағы тас жолда болған.
Әзірге оқиғаның мән-жайы белгісіз. Тергеу жүргізіліп жатыр.