24.kz «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев осы туындыларды мекеме ұжымына табыстады.
24.kz «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев осы туындыларды мекеме ұжымына табыстады. Қытай ұлттық кітапханасындағы Қазақстан әдебиетінің орталығы екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстың 25 жылдығына орай ашылған болатын. Бұл – дүниежүзіндегі ең ірі 3 кітапхананың бірі. 1909 жылы құрылған мекемеде әлемдегі қытай басылымдарының мол қоры жинақталған. Шет тілінде жазылған еңбектер де есепсіз. Соның ішінде Қазақстанға төрден орын берілген. Қытай ұлттық кітапханасы шетел әдебиеті бөлімінің қызметкері Лю Мэйдің айтуынша, қазір Қазақстан туралы кітаптарға оқырмандардың сұранысы артып келеді.