Безенги шатқалынан соңғы альпинистің денесі табылды

0
103

6 қыркүйекте Безенги шатқалында қар көшкіні жүрген болатын.


Безенги шатқалынан соңғы альпинистің денесі табылды

Фото: vk.ru/mchskbr

ERNUR.KZ. Қабардин-Балқариядағы Безенги шатқалында қар көшкіні салдарынан қаза тапқан 17-ші, соңғы альпинистің денесі табылды, деп жазады inform.kz.

Ресей ТЖМ Қабардин-Балқар Республикасы бойынша бас басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, шатқалдағы іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Қаза тапқан альпинистің денесі тікұшақпен Нальчик қаласына жеткізілді.

Еске салайық, 6 қыркүйекте Безенги шатқалында қар көшкіні жүрген болатын. Топ құрамында барлығы 33 альпинист болған. Олардың 10-ы таудан өздігінен түскен, тағы алтауы жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді.

БАҚ мәліметінше, Безенги шатқалындағы оқиға 2002 жылдан бері Ресейдің таулы аймақтарындағы ең ірі қайғылы оқиға болды.