​Бір үйдің төрт баласы уланып, қаза тапты

0
1 448

Таңертең үш қызы және бір ұлы сол күйі көздерін ашпаған. Әйелді ауруханаға жатқызған


​Бір үйдің төрт баласы уланып, қаза тапты

ERNUR.KZ. Ташкенттің Чиланзар ауданында 6-22 жас аралығында төрт адам уланып, қаза тапқан.

Ташкент әкімдігінің баспасөз қызметі улану оқиғасына байланысты тергеу жүріп жатыр деп мәлімдеді.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, қайғылы оқиға болатын күні бес адамнан тұратын отбасы астанадағы өзбек кафелерінің бірінен кешкі ас ішіп, кәуап жеген.

«Үйіне келген соң, анасы өзін жайсыз сезінген. Балалары үйқыға жатқан. Таңертең үш қызы және бір ұлы сол күйі көздерін ашпаған. Әйелді ауруханаға жатқызған», – деп жазады БАҚ.

Бірақ кейіннен жергілікті ақпарат құралдары денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, уланудың себебі кәуаптан емес, газдан болғанын хабарлады.

Ташкент ішкі істер басқармасы таяу уақытта түсініктеме береміз деп мәлімдеді.

Өткен аптада Наманған облысында екі адам тамақтан уланып көз жұмып, алтауы ауруханаға жатқызылған. Сол күні жедел-жәрдем көмегіне ондаған адам жүгінген. Олардың бәрі кәуап жеп уланған.

Дереккөз:centralasian.org/a